ШҚО Тұрақтандыру қорына жеті жарым тонна көкөніс сатып алынды
Былтырғыдай енді картоп, қырықжапырақ, сарымсақ, сәбіз және қызылша Өскеменге Семейден тасымалданатын болады.
Сатып алынған көкөністің жалпы көлемінен үш мың тоннасы облыс орталығына тиесілі, ал Семейге - төрт мыңнан астам көкөніс қажет. Ең көп алынған көкөніс – картоп.
- Азық-түлік Семейлік «Агрофирма «Приречное» ЖШС ауыл шаруашылық тауар өндірушісінен алынды, - дейді «Ертіс» ӘКК басқарма төрағасы Болат Акужанов. - Сауда бағыттамалы түрде қараша айында басталады.
Тұрақтандырма қорындағы азық-түлік бағасының қанша болатыны, әзірге белгісіз.