Бородулиха ауданындағы кәсіпкерлердің құқықтары аяқасты етілген
Жергілікті прокуратура істің мән-жайын тексере келе, аудан басшыларының заңсыз әрекеттерін анықтаған
Мәселен, жергілікті атқарушы орган кәсіпкердік жер телімін өзгерту туралы өтінімін қабылдамай қойған. Облыс прокуратурасы әкімдіктің бұл шешімін жоққа шығарып, қызметін жөнсіз атқарғандарға ескерту жасаған.
Сонымен қатар, ауданда қарапайым ғана мемлекеттік қызмет көрсету стандараттары ба бұзылған. Кәсіпкер «бір терезе» қағидасы бойынша жұмыс жасайтын атқарушы органдардан еш көмек ала алмай, жерді жалға алу туралы уақытша келісімшартты өзі әзірлеген. Кәсіпкер жер-кадастр жоспарын алу үшін де өзі барып жүгінген. Ал мемлекеттік саясат бойынша мұндай жұмыстарды жергілікті атқарушы орган өздері ұсынуы қажет болатын.