Семейде 25 жасар жігіт белгісіз себептермен жоғалып кетті
Туыстарының айтуынша, 25 жасар Ерлан Қуанышпаев соңғы күндері өте көңілсіз жүрген
Семейдің жас жігіті 10 шілде күні түнде жоғалып кеткен. Кейін белгілі болғандай Ерлан 6-желідегі Восточный кентіндегі үйінен түнгі сағат бірлер шамасында шығып кеткен. Үйден тысқары шыққанның өзінде далаға үй киімімен шыққан. Ұялы телефонын да, ақшасын да алмаған.
Туыстары бірден полицияға хабарласқан.
- Ерланның туыстары соңғы күндері оның көңілсіз жүргендігін айтқан болатын, жұмыссыз қалған еді. Ұялы телефоны бұғатталып қалған, ата-анасы аша алмай отыр. Соңғы уақыттары кімге хабарласқанын біле алмадық. Әлеуметтік желіге де кірген жоқ, - дейді RINA.KZ Семей
еріктілер қозғалысының басшысы Евгения Павел.
Ерекше белгісі: сол жақ қасының үстінде тыртығы бар. Ерлан Қуанышпаев жайында қандай да бір мағлұмат білетіндер, көрген-білгендер болса, 8-747-349-57-17, 8-707-653-15-17 немесе 102 нөміріне хабарласуларыңызды өтінеміз.