Қазақстанда жұмыссыз әйелдердің саны көп
Қазақстандағы әйелдердің көбі жоғары білімді болса да, ер адамдарға қарағанда олардың жұмыс табуы қиынырақ
Еліміздегі әйел адамдардың 80%-ы қандай да бір жоғары не кәсіби білім алған, ал ер адамдардың 73%-ның ғана білімі бар. Алайда әйел адамдардың жұмыссыздың деңгейі жоғары – 5,5%, ерлердікі – 4,4%.
2017 жылы мамыр айында 8,54 млн қазақстандық жұмыспен қамтылған, ал 2016 жылы 8,48 млн қазақстандық жұмыс жасағандар қатарына тіркелген.
Жұмыс жасаушылардың 52 пайызын ер адамдар құрайды. Қызметпен қамтылған ерлердің 34,5 пайызы жоғары білімді болса, әйел адамдардың 43,8%-ы жоғары білімді болып шыққан.
Оның үстіне, әйел адамдардың жалақасы да ерлермен салыстырғанда аз. Ерлердің орташа айлық жалақысы 169,35 мың теңге, әйелдердікі 116,1 мың теңге.