ШҚО-да Чернобыль апатына қатысқандардың әлеуметтік төлемдері көбеймек
Мұндай бастаманы облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы ұсынып отыр
Чернобыль атом станциясы апатын ауыздықтауға қатысқан Шығыс Қазақстан тұрғындарының әлеуметтік төлем мөлшері көбеймек.
Апат жұмыстарына қатысқан, ардагер-мүгедектер мен қайтыс болушылардың отбасына көмек ақшаны көбейту туралы ойды облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы айтып отыр. 2018-2020 ж.ж. арналған бюджеттік өтінімді қазіргі таңда ведомство облыстық экономика басқармасына жіберген.
2018 жылдан бастап әлеуметтік төлем 90 мың теңгеге дейін өспек.
15 облыс ауданының ардагерлер тізімі жасалған.