ШҚО мамандары таразыдан жеген кәсіпорындарды анықтады
Нан өндірісімен айналысатын кейбір наубайханалар нанды 50 грамға дейін «жейтін» болып шықты
Техникалық реттеу және метрология Комитетінің Шығыс Қазақстан облысы бойынша департаменті мамандары облыс бойынша 35 азық-түлік түрлерінен сынақтама алған. Олардың жартысына жуығы белгілі көлемді сақтамай, тауар салмағын жалған көрсеткен.
- Біз облыс кәсіпорындарының да, шетелдік тауарлардың да өнімдерін тексердік. Екі килограмм қапталды деп көрсетілген «Берекет» ұн қаптамасына 50 грамм жетпейтіндігі анықталды. «45-гастрономдағы» сабын өнімдерін тексеру барысында 5 заңбұзушылықты анықталды. «Эко Агро» нан дайындайтын кәсіпорында да сәйкессіздіктер табылды, - дейді департамент басшысы Бақытқан Құнафинов.
Бақытқан Қалымұлының айтуынша, кәсіпорын тауарларын тексеру жұмыстары жыл сайын азайып келеді, өйткені 2018 жылы стандарттау туралы заң жобасы іске қосылуы мүмкін.
- Заң мақұлданса, жаппай тексеру жұмыстарына шектеу қойылады. Тек арыз-шағымдардың негізінде ғана тексерістерді өткіземіз, - дейді Бақытқан Құнафиянов.
Ведомства басшысының ойынша, тексеріс жұмыстарының азаюы пайдакүнем кәсіпорындардың тұтынушыларды алдау дерегі де көбеюі мүмкін екендігін жоққа шығармайды.