Өскемен
пасмурно
+4°
  • Өскемен
    +4°
  • Алматы
    +6°
  • Астана
    -3°
  • Ақтөбе
    -3°
  • Актау
    +9°
  • Орал
    +5°
  • Қарағанды
    -4°
  • Көкшетау
    -3°
  • Қостанай
    -5°
  • Қызылорда
    +4°
  • Павлодар
    -2°
  • Петропавловск
    -3°
  • Тараз
    +4°
  • Туркестан
    +3°
  • Шымкент
    +7°
$
494.87
-0.33
520.65
-1.69
¥
68.34
4.91
-0.03
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Оқиғалар Оқиғалар Александр Селиванов
Ақпарат көзі:
Устинка

Жапония билігі елдің кемежайларында қауіпті отты құмырсқалардың бар-жоғын тексеруге бұйрық берді

Жапония үкіметі операторларға елдегі ең алпауыт жеті кемежай контейнерлерінде адам өміріне аса қауіпті отты құмырсқалардың бар-жоғын төтенше тексеруге бұйрық берді

«Жағдай жылдам шараларды қажет етеді. Біз отты құмырсқалардың алдын алуымыз керек», - дейді Киодо агенттігі, мекеме басшысының сөздерін жеткізіп. Бұл бұйрық қауіпті жәндіктердің жұма күні жапондық Хонсю аралындағы Нагоя кемежайына Қытайдан келген контейнердің қабырғасынан, жүк тасу терминалының қақпасынан табылғанымен байланысты.

Мамандар оның отты құмырсқа екенін растап отыр және олардың көзі құртылды.

Соңғы екі айда Жапонияда мұндай үш жағдай орын алған. Осыған дейін отты құмырсқалар тағы Қытайдан Кобе кемежайына келген контейнерден табылған болатын. Бұдан кейін үкімет алдыңғы қатарлы 125 кемежайдың операторларына тексеру жүргізсін деп бұйрық берген. Алайда, бұл еш нәтиже бермеді. Енді Токио, Иокогамы, Нагои, Осаки, Кобе, Хакаты кемежай нысандары мен Қытай контейнерлері көптеп келетін оңтүстік Окинава аралында қайтадан тексеру жүргізу туралы шешім қабылданды.

Отты құмырсқалардың отаны – Оңтүстік Америка болғанымен, олар қазір Австралия мен ҚХР елдеріне тарап үлгерген. 2,5-на 6 мм-ге дейін келетін бұл жәндіктер қызғылтым түсті және ашушаң келеді. Отты құмырсқалардың уы адамды шоктық әсерде қалтырып, кейін өлтіреді.

Жаңа өлкеге келе салысымен олар өзге құмырсқаларды қуып, тез тарай бастайды. Сондықтан олардың көбеюін басынан бастап тоқтату керек. Бұл аралықта Қоршаған ортаны қорғау министрлігі жұма күні бұл жәндіктердің Жапонияда өмір сүріп кете алатынына күмәнді қарайды.

Следующая →