Өскемен
облачно
+2°
  • Өскемен
    +2°
  • Алматы
    +9°
  • Астана
    -4°
  • Ақтөбе
    +10°
  • Актау
    +15°
  • Орал
    +12°
  • Қарағанды
    -3°
  • Көкшетау
    -7°
  • Қостанай
    +3°
  • Қызылорда
    +9°
  • Павлодар
    -5°
  • Петропавловск
    -7°
  • Тараз
    +8°
  • Туркестан
    +11°
  • Шымкент
    +11°
$
521.9
-1.30
593.5
-0.80
¥
71.47
-0.20
6.39
+0.01
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Өскемен мен ШҚО Өскемен мен ШҚО Алия Тенизбаева
Ақпарат көзі:
Устинка

Өскемендіктер Астана күнін атап өтпек

Шығыс Қазақстанда 30 маусым мен 6 шілде аралығында мемлекеттік мереке кең түрде аталып өтілмек

Мереке 30 маусым күні сағат 19.00-де Республика Алаңында өтетін аспан асты open air би кеші концертінен басталмақ. Ал ертеңінде кешкі сағат 19.00-де Ағайынды Абддулиндер атындағы өнер училищесінің шығармашылық кеші болады. Ал 2 шілде күні 19.00-де zumba fitness жаттықтырушысының қатысуымен Амфитеатр алдында жаппай би кеші өтпек. Ал 3 шілде күні 10.00-де Облыстық сәулет және этнографиялық музейде «Астана – болашақтың қаласы» атты бейнефильмге экскурсия жасалады. 4 шілде күні «Экстази» шоу-балетінің қатысуымен Energy of the future атты көңілді кеш өтпек. Сонымен қатар 5 шілде күні сағат 11.00-де Меновное кентінде, 15.00-де Шығыс ауылында концерттік бағдарламалар ұйымдастырылады. 6 шілде күні 11.00-13.00 аралығында «Жастар» саябағында көрме өтпек. Ал 15.00-де жағалау сахнасында балаларға арналған театрландырылған мерекелік бағдарлама өтеді. Бұл күні 19.00-де Республика алаңында тағы да үлкен концерт өтпек. Бұл концертте X-Faсtor қатысқан Евгений Выблов, "Ты супер!" халықаралық телевизия жобасына қатысқан Влад Лоскутов, республикалық байқаулардың лауреаты Эльдар Уадинов өнер көрсетеді.
Следующая →