Өскемен
ясно
+17°
  • Өскемен
    +17°
  • Алматы
    +19°
  • Астана
    +20°
  • Ақтөбе
    +24°
  • Актау
    +19°
  • Орал
    +24°
  • Қарағанды
    +19°
  • Көкшетау
    +19°
  • Қостанай
    +21°
  • Қызылорда
    +28°
  • Павлодар
    +14°
  • Петропавловск
    +16°
  • Тараз
    +19°
  • Туркестан
    +21°
  • Шымкент
    +21°
$
446.49
-0.91
475.38
-2.17
¥
61.66
-0.15
4.79
+0.03
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Өскемен мен ШҚО Өскемен мен ШҚО
Ақпарат көзі:
Устинка

Семей тұрғындары аквапарктағы су лас екендігін айтуда

Семейліктердің сөзіне қарағанда, аквапарктегі су бір апта бойы алмастырылмаған, суға шомылу орындарында бақалар да жүр

Семейдегі аквапарктің шомылу кезеңіне орай ашылғанына көп болмаса да, қала тұрғындары шомылу, көңіл көтеру орнына қатысты жағымсыз пікірлерін үйіп-төгіп тастады.

- Су лас, кір. Хауызда емес, шалшықта шомылып жүрген сияқтымыз, - дейді қала тұрғыны Ирина Казакова. - Өткен жылы бұл жерде шомылып жүріп, бассейннен бақа тауып алғанбыз. Күн ыстықта адамдар суға шомылатын таза жер іздегісі келеді. Барлығы мұнда келгісі келеді, алайда санитариялық жағдай жасалмаған. Оның үстіне, қымбат.

Дегенмен, аквапарк әкімшілігі тұрғындардың мұндай арызын жоққа шығарды. Тек бақалардың жүргеніне қатысты түсініктеме берді.

- Ертіс өзені аквапаркке жақын болғандықтан, бақалардың осында келуі мүмкін, - дейді әкіміші Сәулежан Тілемісова. - Су таза. Тұрғындар аквапарк суды Ертіс өзенінен алады деп ойлайды. Алайда олай емес. Біз қалалық су желілерінен аламыз. Хауыздарды да тазалаймыз. Санитарлық нормалар сақталынған. Суды екі-үші күн сайын ауыстырып тұрамыз.

Сонымен қатар, әкімші көңіл көтеру орнына кіру бағасы қымбат емес екендігін, 1000-1500 теңге тұратындығын айтты. 

Следующая →