ШҚО Ана мен бала орталығы жаңа медициналық жабдық сатып алды
Медицина мекемесіне келген жаңа жабдық балалардың тыныс алу жүйесіндегі ақауларды дәл анықтауға арналған
Ана мен бала орталығына алған жаңа құралдың қаржысын KAZ Minerals Тобы «Шығыстүсмет» ЖШС бөлген. Сонымен қатар кәсіпорын Республикалық гематология орталығы құрылысын бастауға да қаражат бөлген.
Бұған дейін компания қалалық және аудандық ауруханаларды жабдықтау үшін 311 млн теңге берген.
Бронхоскопия – тыныс алу жүйесін тексеретін тәсіл. Мұндай процецедура тыныс алу жүйесіндегі әртүрлі патологияларды анықтауға мүмкіндік береді.
Следующая →