Шымкентте мұнай базасы өртенуде, бір адам қаза тапқан
«Шымкент мұнай өнімдері» мұнай базасында өрт шыққан, маңайдағы сұйыққоймалардың бірінен адам денесі табылған
Облыстық ТЖ департаментінің хабары бойынша, 46 жасар ер адам мұнай сұйыққоймасында оператор болып жұмыс жасаған.
- Өрт кезінде ол сұйыққойманың ішінде болғанға ұқсайды, - дейді ведомства.
3000 текше метр сұйыққоймасы өртке оранған. Жақын маңда тағы 9 сұйыққойма орналасқан. Олардың 5-уі бос, ал төртеуінде бензин сақталған.
Өрт орнынан Қарабастау кенті 200 метр, Жұлдыз кенті 400 метр, мұнай өңдеу зауытына дейін 700-800 метр қашықтық бар.
Өрт сөндіруге 120 адам, 28 техника, 5 құтқарушы, тік ұшақ және өрт пойызы жұмылдырылған.
Өрт таңғы 7:51-де басталған, әлі ауыздықталмады.
Следующая →