Балабақша бассейнінде кілем жуған қызметкерлерге айыппұл салынды
Санитарлық норманы бұзғаны үшін балабақша меңгерушісіне 20 АЕК шамасында айыппұл салынды
Қасым Қайсенов кентінде орналасқан «Айжұлдыз» балабақшасының меңгерушісіне санитарлық норманы бұзғаны үшін 45380 теңге айыппұл салынды.
Еске сала кетейік, осыдан бір ай бұрын әлеуметтік желіде балабақша бассейнінде кілем жуып жатқан қызметкерлер туралы видео таралып кеткен еді. Кейін балабақша қызметкерлерінің «Болашақ» жазғы сауықтыру лагерінің палаткаларын жуғаны белгілі болды.
Бұған аудандық қоғамдық денсаулықты сақтау басқармасы бірден қызығушылық танытып, тергеу жұмыстарын жүргізген болатын.
- Балабақша меңгерушісі бассейнде кірдің жуылмағанын айтумен болды. Дегенмен мұның барлығы санитарлық нормаларға сай емес. Меңгерушіге 20 АЕК шамасында айыппұл салынды, - дейді ведомстваның бас маманы Мадина Шәкірова.
Сонымен қатар, балабақша меңгерушісіне сөгіс жарияланған.
Следующая →