Жүрек ауруларының белгілері қандай?
Бірінші ұстамалы жүрек ауруы да, инфаркт та көбінесе күтпеген жерден орын алады. Дегенмен, дәрігерлердің айтуынша, ауру алдын ала сыр береді
Бірақ, адамдар белгілерді дұрыс түсінбей, өз денсаулығына уақытында мән бере бермейді. Сонымен, дәрігер қабылдауына қашан барған абзал? Ал жедел жәрдемді қашан шақыртуымыз керек? Сондай-ақ, ұстамалы жүрек ауруы кезінде өз-өзіңді қалай ұстаған дұрыс?
- Кеудеге физикалық күш түскенде ыңғайсыздық сезілсе, дереу дәрігерге бару керек, - дейді Анна Полторанина. - Кеуденің сол жағы және астыңғы жағы немесе қолтық астында емес дәл ортасында ауырсыну сезілсе, дәрігерге көрінген жөн. Ауру көп жағдайда тамыр арқылы мойынға беріледі. Әлсіздік, жеңіл сырқат, суық тер пайда болады. Баспалдақпен көтерілу қиындап, жоғарыға көтерілу барысында үзіліс жасайсыз ба? Тыныс алуыңыз қиындай ма? Алқыну емес, кеудедегі ыңғайсыздық: кеудені қысу, басу, кейде шаншу, кейде қыжыл сынды сезіледі, бірақ, тоқтағанда бұның барлығы басылып қалса, бұл ең басты белгі.
Дәрігерлердің айтуынша, егер кеудедегі жоғарыда атаған ыңғайсыздықтар қозғалыста болмаған жағдайда пайда болса, бұл өте қауіпті. Қозғалыссыз отырған уақытта ауырсыну 15 минуттан артық созылса, бұл - инфаркт. Сондықтан, қозғалыс кезінде ауырсынуды сезінсеңіз тоқтап, бір жерге отыра тұрыңыз. Егер ауырсыну басылмаса, жедел жәрдемді шақыртыңыз.
- Біздің қаншама кардиологиялық науқасымыз асқазан ауруынан емделгендігін білесіз бе? Науқастардың айтуынша, жұмыс істеп жүргенде кеудесі қысып кететін көрінеді. Біраз тынығып, ас содасын ішкеннен кейін ауру басылғандай болады. Ол жай ғана уақытша тыныштандырады. Ал оның соңы инфарктқа әкеп соқтырады, - дейді кардиолог.
Әр адамның өз ауырсыну шегі болады. Сондықтан сезім дәрежесіне бейімделуге болмайды. Кейде адамдар қатты ауырсынуды түсінбей, жай ғана ыңғайсыздық сезініп, дем алысы ауырлайды. Оның үстіне бұл тыныс алумен байланысты емес. Адам кеудесімен толық тыныс алады, тыныс алу үрдісінің өзі ауыр емес, алайда, ауа жетіспейді. Бұрылу немесе басқа да көкірек қуысының қозғалыстары кезінде ауырсынса, ол жүрек ауруы емес, бұлшық еттердің ауруы.
- Жүрек ауруы бар кісінің басты заңы: шаршадың ба - демал. Қозғалыс кезінде біраз болсын ауырсыну сезінсеңіз, отырып тынығыңыз, - деп кеңес береді кардиолог. - Себебі сіз қозғалыста болғанда жүрек жиі жұмыс істейді. Сол себепті жүректі тынықтыру керек. Мүмкін бұл инфаркт емес, жай ғана жүрек ұстамасы болар. Ал егер ауырсыну басылмаса, онда тез арада жедел жәрдемге қоңырау шалған абзал.