ШҚО қауіпті жолдарға шулы жолақтар төсемек
Сонымен қатар тас жолдар бойына жарықдиодты жол белгілері мен қоқыс жәшіктері қойылады
Биыл Алматы-Өскемен, Омск-Майқапшағай бағытындағы тас жолдың жөндеу жұмыстары басталады. Жөндеу жұмыстары үш жылға есептелген.
160 шақырым жерді жаңарту үшін 13,3 миллиард теңге бөлінді.
- Жолдың қауіпті бөліктеріне жүргізушілердің назарын аудару үшін шулы жолақтар төсеп, тас жолдар бойына жарықдиодты жол белгілері мен қоқыс жәшіктері қойылады, - дейді «ҚазАвтоЖол» Ұлттық компаниясы» АҚ ШҚО филиалының директоры Нұрланбек Өмірбаев.
Айта кетейік, шулы жолақтар көлік қозғалысы барысында арнайы дыбыс шығарып тұрады. Бұл жүргізушінің ойы бөлініп немесе жолда ұйықтап кетпеуіне септігін тигізеді.