Құмар ойындар Қазақстан бюджетіне 5,4 млрд теңге әкелген
Ел төңірегінде, әсіресе, Алматы мен Ақмола облыстарында орналасқан казина мен букмекерлік орталықтары аталмыш соманың басым бөлігін әкелген
Құмар ойындарынан жиналатын салық көлемі жыл сайын орта есеппен 19%-ға өсіп келеді. Биыл ол 8%-ға өскен. Республикалық бюджет Заңына сәйкес биыл қазынаға 11,3 млрд теңге құйылу жоспарланып отыр.
Соңғы бес айда казина мен букмекерлік орталықтар қазынаға 5,4 млрд теңге құйып үлгерген. Ал былтырғы жылмен салыстырғанда бұл сома 16 пайызға өскен.
Жиналған салықтың 64 пайызы Алматы мен Ақмола облыстарына тиесілі. Бұл аймақтар қазынаға бес айдың ішінде 3,4 млрд теңге әкелген.