Ертіс көпіріне төрт жолақ қосылмақ
Өскемен қаласының басты мәселелерінің бірі - қалаға кіретін жолдардың тар салынуы. Бұл қаладағы көлік кептелісінің көбеюіне себепші болуда
Ертіс өзені бойындағы көпірді кеңейту туралы ойды аймақ басшысының айтқанына біраз болды. Қазіргі уақытта Ертіс көпірінде алты жолақты жол салынған. Ендігі кезекте оның саны онға жетпек.
Облыс әкімі Даниал Ахметовтың сөзіне қарағанда, қазіргі уақытта жобалық-сметалық құжаттары дайындалып жатыр. Былтырғы жылғы құжаттарға қарасақ, Ертіс көпірі сегіз жолақты болып салынуы тиіс болатын. Ал биылғы құжаттар бойынша көпір он жолақты етіп салынбақ. Нәтижесінде көпірдің сыйымдылығы 40%-ға артпақ.