2017 жыл соңына дейін Қазақстанда «Балалар ғаламторы» пайда болады
Ақпарат және байланыс министрі Дәурен Абаев 2017 жыл соңына дейін «балалар пакеті» қызметін іске қосуды жоспарлауда
Дәурен Абаевтың айтуынша, Ақпарат және байланыс министрлігі байланыс операторларымен бірлесе отырып, балаларға арнап зиянды контенттерден ғңаламторды сүзгіден өткізу сұрағын қарастыруда.
- Ең алдымен, бұл ғаламторға балалар пакетін енгізу. Ол «ақ» сайттардың тізімін негізге ала отырып қалыптасады. Оның ішіне қажетті білім беретін және балалардың көңілін көтеретін қауіпсіз ғаламтор сервистері кіреді. Аталмыш қызмет ағымдағы жылдың соңына дейін қолжетімді болады деп жоспарлануда, - деді министр.