Өскемен
малооблачно
-13°
  • Өскемен
    -13°
  • Алматы
    +2°
  • Астана
    -6°
  • Ақтөбе
    -2°
  • Актау
    +8°
  • Орал
    +1°
  • Қарағанды
    -3°
  • Көкшетау
    -9°
  • Қостанай
    -7°
  • Қызылорда
    +2°
  • Павлодар
    -11°
  • Петропавловск
    -9°
  • Тараз
    -3°
  • Туркестан
    +1°
  • Шымкент
    +3°
$
498.34
519.72
¥
68.79
4.85
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Өскемен мен ШҚО Өскемен мен ШҚО
Ақпарат көзі:
Алдаспан

Алтын өндіру кәсіпорны 3 жылда әлеуметтік жобаға 1 млрд 74 млн теңге бөлген

Кен өндіру бойынша Ресейде 2-орынды алатын «Полиметалл» компаниясы Бақыршықтағы алтын кенін өндіруге бірінші кезеңде 121,5 млрд теңге инвестиция құймақ

- Соңғы үш жылда Жарма ауданының Әуезов, Шалабай ауылдарынның дамуына 1 млрд 74 млн теңге қаржы берілді. Біздің кәсіпорын мұнымен тоқтап қалмай, әлі де қолдау көрсете бермек. Себебі бұл ауылдың емес, келер ұрпақтың дамуына тартылған инвестиция деп түсінеміз, – деді «Бақыршық тау-кен өндіру кәсіпорны» ЖШС Бас директоры Юрий Овчинников.

Әлеуметтік салаға көмек көрсету туралы меморундумға қол қойылғаннан кейін кәсіпорын аудандағы мектеп, амбулатория, бөбекжай құрылысын мойнына алып, Әуезов кентіне су құбыржолын тартқан. Нәтижесінде 2016 жылы Әуезов кентінде 180 баланы қамти алатын сомасы 240 млн теңгені құрайтын «Аққу» бөбекжайы ашылған.

- Қазіргі уақытта балабақшада 140 бала тәрбиеленіп жатыр. 12 тәрбиешіміз бар, өзге қызметкерлер мен жұмысшыларды қосқанда бұл балабақша 39 адамды жұмыспен қамтып отыр. Бөбекжайдың іші толықтай заманауи жабдықтармен толтырылған. Тіпті, жеке музыкалық залымыз да бар, - дейді балабақша меңгерушісі Назкен Бектұрғанова. Одан бөлек, компанияның қаражатымен Әуезов ауылдық амбулаториясының сырт келбеті, терезесі, жылу жүйелері, 1 қабат жөндеуден өткен және қажетті медициналық жабдықтар сатып алынған. 2017 жылы амбулаторияның екінші қабаты жөнделмек.

Кен орны ашылған соң мың жарымға жуық тұрғыны болған ауылдың қазіргі халық саны 2700-ге жеткен.

- Ауылда 2700 адам тұрады. Бақыршық кен орны мен өндіріс аумағында құрылыспен айналысып жатқан мердігер компанияларда 500-ден астам адам жұмыс жасап жатыр. Ауылда небәрі 6 адам ғана жұмыссыз. Кен орнының ашылуы шағын бизнестің де дамуына мұрындық болды. Қазіргі күнде 51 адам жеке ісімен айналысады, - дейді Әуезов ауылының әкімі Болатбек Тоқтағанов.

Кәсіпорын осыған дейін облыс, республика бюджетіне және бюджеттік емес қорларға 1,2 млрд теңге салық төлеген. Ал 2015-2017 жылдары Бақыршық кәсіпорны Жарма ауданының инфрақұрылымына 2 млрд теңгеден астам қаражат бөлген. Жыл сайын «Бақыршық тау-кен өндіру кәсіпорны» мектеп түлектеріне 4 грант бөліп, қазірде Қазақстанның бірқатар университеттерінде 23 студент білім алуда. Алдағы уақытта кәсіпорын студенттерді толықтай жұмыспен қамтуға әзір.

Биылғы жылдың ақпан айында кәсіпорын басшылығы Жарма ауданының әкімдігімен меморандумға қол қойып, ауданның дамуына 30 млн теңге қаржы бөлсе, облыс әкімдігімен келісімшарт аясында аймақтағы инфрақұрылымның дамуына 750 млн теңге қаржы бөліп отыр. Соған байланысты «Бақыршық кен өндіру кәсіпорны» ЖШС әлеуметтік жобалары аясында 2017 жылы Шалабай мен Солнечное ауылдары арасына автобус аялдамасын, Әуезов ауданы әкімдігінің акт залын, «Арман» мәдениетін үйін салу мен Әуезов кентінің орталық саябағын қайта қалпына келтіруді жоспарлап отыр. Сонымен қатар, кәсіпорын Жарма ауданында республикалық ақындар айтысын, жерлес жазушымыз Қалихан Ысқақұлына арнап ескерткіш орнатуды қаржыландыруды да ойластырып отыр.

Авторы: Қымбат Слямбеков     

Следующая →