Солтүстік Кореяда сотталған америкалық студент қайтыс болды
22 жасар америкалық студенттің жанұясы Солтүстік Корея билігінің ұлына зорлық-зомбылық көрсеткенін айтады
Солтүстік Кореяда ұзақ тергеуден кейін босаған америкалық студент Отто Вомбиер қайтыс болды. Бұл жайында оның отбасы хабарлады.
- Солтүстік Корея әскері балама көп жәбір-жапа көрсеткен. Жан азабын тартқан ұлым қайтыс болды, - дейді отбасы мүшелері.
Вомбиер жанұясының айтуынша, «елге оралған Отто сөйлей алмаған, көру сезімінен айырылған, сөзді есіте алмаған». 22 жасар студент ұзақ уақыт комда жатқан. Солтүстік Корея дәрігерлері оның өліміне себеп ботулизм мен ұйқы шақыратын дәрінің көп мөлшерде қолдануы деп отыр.
Ал америкалық дәрігерлер студенттің қатты бас сүйек зақымын алғанын айтады.
Айта кетейік, Вомбиер КХДР-на турист ретінде барған. Студент қонақ үй қабырғасында ілініп тұрған саяси плакатты жыртпақ болған. Нәтижесінде оны «Корея халқының бірлігіне нұқсан келтірді» деп 16 наурыз күні 15 жылға бас бостандығынан айырған. Алайда ол 13 маусым күні үйіне қайтарылған.