Шығысқазақстандық полиция қызметкерлері ерекше музыкалық тарту әзірледі
Ішкі істер органдарының құрылғанына 25 жыл толуына орай шығысқазақстандық полиция қызметкерлері ерекше музыкалық тарту әзірледі
Өскемен қаласының тұрғындары Ертіс өзенінің жағалауында орналасқан Амфитеатр жанында сымбатты парадтық, әскери киім үлгісіндегі адамдар жиынын тамашалаған болатын.
Облыс орталығының тұрғындарына арнап ШҚО ІІД хоры ТЖД өкілдері және Ұлттық ұлан әскери қызметшілерімен бірлесе «Флаг моего государства» атты патриоттық әнін орындады.
Мерекелік флешмоб кезінде Жедел қимылдайтын арнайы жасақтың жауынгерлері қылмыстыққа қарсы тұрудың тәсілдерін көрсетті, оған қоса олардың біреуі парашютпен Ертіс өзенінің үстінен биіктен туды арқалап секірді.
Хор - ШҚО Ішкі істер департаментінің мақтанышы. Ұжым құрылғаннан бастап тек полицияда өтетін іс-шаралардың қатысып қана қоймай, облыстық және қалалық іс-шаралардың белсенді қатысушысына айналған.
Осы бір өзгеше көріністі көре алмаған тұрғындар үшін полицейлер бейнеролик әзірледі.
Следующая →