Өскемен
ясно
+9°
  • Өскемен
    +9°
  • Алматы
    +10°
  • Астана
    +13°
  • Ақтөбе
    +19°
  • Актау
    +22°
  • Орал
    +21°
  • Қарағанды
    +9°
  • Көкшетау
    +14°
  • Қостанай
    +16°
  • Қызылорда
    +17°
  • Павлодар
    +11°
  • Петропавловск
    +15°
  • Тараз
    +8°
  • Туркестан
    +22°
  • Шымкент
    +11°
$
443.35
475.54
¥
61.18
4.82
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Қазақстан Қазақстан
Ақпарат көзі:
Устинка

Медициналық көмек көрсетуді жетілдіру мәселелері талқыланды

Денсаулық сақтау министрлігінде саланың инфрақұрылымын дамыту және республикадағы жедел медициналық көмек көрсетуді жетілдіру мәселелері талқыланды

ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің сайты хабарлағандай, Медициналық көмекті ұйымдастыру департаментінің директоры Ажар Төлеғалиева: «Қазіргі уақытта жедел медициналық көмек инфрақұрылымы 24 жедел медициналық көмек станциясынан, 227 бөлімшеден, 2101 бірлік санитарлық көліктен, 33 әуе көлігінен (олардың 11-і тікұшақ, 22-сі ұшақ) тұрады. Қызметтегі дәрігерлердің жапы саны  - 2157,  орта медициналық қызметкерлер саны - 3101. Жедел медициналық көмек станциясы 2016 жылы - 7 835624,  ал 2017 жылдың 1 тоқсанында – 1 998166 шақыруға қызмет көрсетті», - деп мәлімдеді.

Ол жедел медициналық көмек қызметінің жұмысын жетілдіру мақсатында Қазақстан Республикасында жедел медициналық көмек көрсету ережесі әзірленгенін хабарлады.  Жедел медициналық көмек көрсетуді реттейтін нормативтік-құқықтық базаға талдау жүргізілді, барлық нормативтік-құқықтық актілер жойылуға тиісті және өзгеріс енгізілуі қажет НҚА-ге қарай жүйеленген. Қолданыстағы 4 НҚА жойылды, 3 сілтемелік нормативтік құжатқа өзгерістер енгізілді. Шақыртудың жеделдік санаты қайта қаралды.

«Жедел медициналық көмек деңгейінде материалдық-техникалық жабдықтау, кадрлық қамтамасыз ету, санитарлық көлікпен жарақтандыру және инфрақұрылым нормативтері бойынша жаңа тәртіп енгізіледі. Жедел медициналық көмек қызметінің жаңа НҚА мынадай нәтижелерге қол жеткізуге мүмкіндік береді: тұрғындар үшін  – тұрғындардың жедел медициналық көмек көрсету сапасына көңілдері толуы, медициналық көмек көрсету сапасы және оның қолжетімділігі,  көрсетілетін медициналық көмекті күту уақытының қысқаруы; медициналық ұйымдар үшін – кадр ресурстарын тиімді пайдалану және емдеу-диагностикалау жабдықтарын оңтайлы қолдану;  мемлекет үшін – халықтың өлім көрсеткішінің азаюы, өмір сүру жасының ұзаруы», - деп қорытындылады өз сөзін Ажар Төлеғалиева. 

 

Следующая →