Семейдегі болашақ ЖЭО аумағында тарихи ескерткіштер болуы мүмкін
Семей қаласында құрылысы жоспарланған ТЭЦ аумағында құнды археологиялық ескерткіштер болуы мүмкін. Осындай шешімге келген ғалымдар аумақты георадар арқылы зерттемек
емей халқын жылумен қамту мәселесін шешу мақсатында жаңа Жылу электр орталығын салу жоспарланған. Болжам бойынша бұл нысан бірнеше ұсақ қазандықтарды алмастыратын болады.
Ғалымдардың пайымдауынша жаңа ЖЭО құрылысы жоспарланған аумақта археологиялық ескерткіштер болуы мүмкін.
Аталмыш мәселеге тоқталған ШҚО әкімі Даниал Ахметов аумақты толықтай георадармен тексеріп, жер асты қойнауын зерттеуді тапсырды. Зерттеу нәтижесіне байланысты қажетті шешімдер қабылданбақ.