Өскемен
ясно
-11°
  • Өскемен
    -11°
  • Алматы
    +6°
  • Астана
    -10°
  • Ақтөбе
    -7°
  • Актау
    +7°
  • Орал
    +3°
  • Қарағанды
    -6°
  • Көкшетау
    -13°
  • Қостанай
    -11°
  • Қызылорда
    +5°
  • Павлодар
    -9°
  • Петропавловск
    -18°
  • Тараз
    +9°
  • Туркестан
    -7°
  • Шымкент
    +11°
$
513
+13.49
541.16
+15.33
¥
70.75
+1.85
4.69
+0.07
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Өскемен мен ШҚО Өскемен мен ШҚО Екатерина Рыльская
Ақпарат көзі:
Устинка

9-қабаттан секірген қыз «Синий кит ойнамаған»

Гагарин бульварындағы үйлердің бірінің 9-қабатынан секіріп кеткен қыз сол күні алкогольдік ішімдікке қызу болған көрінеді

Естеріңізге сала кетейік, 16 сәуір күні Гагарин бульвары көшесіндегі тоғыз қабатты үйлердің бірінің шатырынан 14 жасар Карина Хворова есімді бойжеткен құлап, мерт болған болатын. Әлеуметтік желіде болған оқиғаны талқыға салғандар қыздың сол кезде елді дүрліктірген «Синий кит» ойынымен әуестеніп, ойынның шарты бойынша өз өмірін қиюы мүмкін деген пікір қалдырған. Алайда полиция қызметкерлері бойжеткеннің өлімге соқтыратын ойынға еш қатысы жоқтығын және қайғылы оқиға орын алған күні оның алкогольдік ішімдікке мас болғандығын алға тартады. - Бұл оқиғаның интернет-ойынға ешқандай қатысы жоқ, - дейді ШҚО ІІД баспасөз қызметінің басшысы Бақытжан Торғаев. - Куәгер құрбысының айтуынша сол күні олар ішімдік ішкен. Химия-токсикологиялық сараптаманың нәтижесі де жеткіншектің жеңіл алкогольдік мас күйде болғанын дәлелдеді. Ғаламтор қолданушылары бойжеткеннің өз өмірін қиюына басқа мектепте оқитын бозбалаға деген жауапсыз махаббат себеп болды дегенді де жазған. Қазіргі таңда 14 жасар қыздың өліміне қатысты «Өз-өзіне қол жұмсауға итермелеу» бабы бойынша қылмыстық іс қозғап, сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.
Следующая →