Өз сыныптасын зорлаған
Семей қаласында мектеп оқушылары өз сыныптастарын зорлаған. Бұл іс қазіргі таңда ШҚО Ішкі істер департаментінің қатаң қадағалауында
Қылмыстық іске кәмелетке толмаған оқушылардың қатысы бар болғандықтан тергеуге қатысты егжей-тегжейлі ақпараттар әзірге жоқ. Тек белгілісі – қызға қиянат жасағандар – өзінің сыныптастары.
ШҚО ІІД баспасөз қызметі хабарлағандай, полицияға қыздың туыстары арыз жазған. Қазіргі таңда болған оқиғаның мән-жайы анықталуда, бірнеше сараптама белгіленді. Бұл істі ШҚО Ішкі істер департаменті қатаң қадағалауға алды.
Следующая →
Тақырыптар:
Изнасилование школьницы одноклассниками в Семее ДВД ВКО Работа правоохранительных органов в ВКО