Ертіс көпіріне тағы бір миллиард теңге бөлінбек
Өскемен қаласының басшылығы жаңа өткелді алты қозғалыс жолақғынан сегіз қозғалыс жолағына дейін үлгейтпек
Былтыр облыс әкімі Даниал Ахметов Ертіс көпірінде өткізу мүмкіндігін арттыруды тапсырған болатын.
- Қазір жобаны түзету жұмыстары іске асырылуда, - деп түсіндірді Өскемен қаласының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімінің басшысы. - Нақты соммасы кейінірек белгілі болады. Бірақ, алдын ала есептеу бойынша құрылыс-монтаж жұмыстарын жүргізу үшін миллиард теңге қажет.
Қалалық мәслихат депутаттары жергілікті қазынадағы өзгерістерді мақұлдағаннан кейін қалалық бюджеттен қаражат бөлінеді.
Сонымен қатар, Ворошилов көшесі мен Тәуелсіздік даңғылындағы шағын жөндеу жұмыстарына, сондай-ақ, облыс орталығындағы басқа да көшелердің щұңқырларын жөндейден өткізу үшін қосымша қаражат бөлу жоспарланған.