Өскемен
ясно
+9°
  • Өскемен
    +9°
  • Алматы
    +10°
  • Астана
    +13°
  • Ақтөбе
    +19°
  • Актау
    +22°
  • Орал
    +21°
  • Қарағанды
    +9°
  • Көкшетау
    +14°
  • Қостанай
    +16°
  • Қызылорда
    +17°
  • Павлодар
    +11°
  • Петропавловск
    +15°
  • Тараз
    +8°
  • Туркестан
    +22°
  • Шымкент
    +11°
$
443.35
475.54
¥
61.18
4.82
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Қазақстан Қазақстан
Ақпарат көзі:
Алдаспан

Балаларды қорғау күнінде балаларға қамқорлық жасалды

1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күні. Бұл мереке бүкіл халық назарын балалар мәселесіне аударуды мақсатқа қойған

Мереке әртүрлі шаралармен балалардың көңілін аулайды. Әрбір бала бақытты болуға лайықты. Отбасында тәрбиеленген бала мейірімділік аясында өсетіні сөзсіз. Сондықтан да балалар үйінде тәрбиеленіп жатқан бөбектерге қамқорлық көрсету парыз. Адамзаттың алдында тұрған зор міндет – болашақ ұрпақтың бақытты өмірін қалыптастыру.

Өскемен қаласы ІІБ қызметкерлері әдеттегідей Балаларды қорғау күніне орай қалалық мамандандырылған балалар үйіне барып, бөбектерді құттықтады.

Ғимаратқа кіре сала сыңғырлаған балалардың әдемі дауыстары естіледі. Мерекені асыға қарсы алатын бөбектердің көздерінде қуаныш сезімі ұялағандай. Жастары кіші болса да бәрін түсініп, айналаға қызыға да таңырқай қарайды. Әдемі мерекелік киімдерін киіп алған бүлдіршіндердің арнайы дайындаған ертеңгіліктерін тамашалап, кішкентай болса да тілдерінің жаттыққаны, өлең жолдарын мүдірмей айтқандары адамды елжіретпей қоймайды. Ән де айтылып, би де биленді. Дөңгеленіп қол ұстасып, ән шырқағаннан кейін келген көрермендерге алғыстарын білдірді.

Өскемен қаласы ІІБ бастығының орынбасары, полиция подполковнигі Е. Бұланбаев бүлдіршіндерге арнап жылы лебізін білдірді. Балалардың құқықтарын, өмірін және денсаулығын қорғау біздің міндетіміз екенін айтып, балаларға арнап дайындаған сыйлықтарды ұсынды. 

Следующая →