Балаларды интернет желісінен қорғау жөніндегі заң жобасы талқылануда
Қазіргі уақытта қазақстандық мәжілісмендер балаларды интернет желісінен қорғау жөніндегі заң жобасын талқылап жатыр
Заң жобасын қабылдаушы органдар жас балаларға зиянын тигізетін, жағымсыз ақпарат тарататын Интернет желілеріне республика төңірегінде шектеу қоюға мүдделі болып отыр. Ал шығысқазақстандық ұстаздар мектеп қабырғасында ғаламтор-қоқыстан қорғауға күш салуда.
- Біріншіден, оқушылар компьютерлік сыныпта отырғанда бөгде сайттарға кіріп кетпеуін қадағалаймыз, - дейді ШҚО Білім басқармасы басшысының міндетін атқарушы С. Жұмаділова. - Екіншіден, облысымыздағы 272 мектеп желісі «Қазақтелеком» АҚ-ның қорғау каналдары қосылған интернет қызметін пайдаланады. Бұл әлеуметтік желіге және тыйым салынған сайттар кіруге мүмкіндік бермейді.
Сонымен қатар, облыстық педагогтар ата-аналарға да интернеттің зияны жайында түсіндіру жұмыстарын жүргізуде.