БҰҰ Қауіпсіздік кеңесі Венесуэладағы тәртіпсіздіктерге байланысты бірінші жиынын өткізеді
Бұл туралы журналистерге әлемдік ұйымның дипломатиялық ақпарат көзі хабарлаған
17 мамыр күні БҰҰ Қауіпсіздік кеңесі Венесуэлада қалыптасқан жағдайларға байланысты отырыс өткізу жоспарлаған – бұл елдегі тәртіпсіздік басталған күннен бергі бірінші жиын. Аталмыш сұрақты қаралымға көтеріп отырған АҚШ елі.
Венесуэлада алты аптадан бері үкіметке қарсы шаралар жалғасып келеді. Билік оны ұйымдастырып отырған оппозиция өкілдері екенін айтады. Тәртіп сақшыларымен орын алған соққы барысында Венесуэла прокуратурасының хабарлауынша, 43 адам қаза тапқан.
Ұсталғандардың саны 2,3 мыңнан асады, ал олардың 730 адамы әлі қамауда қалып отыр.