Өскемендегі әскери комиссариатты жөндеуге 17 млн теңге бөлінеді
Аталмыш қаражатқа әскерге шақыру мекемесіне жөндеу жүргізіледі, электр жүйесі жөнделіп, сантехникалық жұмыс жасалады
Өскемендік әскери комиссариат басшылары ғимаратты жөндеуге қажетті қаражатты қалалық бюджеттен ұзақ күткен еді.
- Қазіргі уақытта құрылыс компаниялары арасында байқау ұйымдастырып жатырмыз. Жеңімпаз компания ғимараттың жөндеу жұмыстарымен айналысады. Келесі аптаның соңында мердігер белгілі болады. Қаржы қалалық бюджеттен бөлініп отыр, - деді Өскемен қалалық әкім аппаратының шаруашылық бөлімі басшысы Мақсат Кабдусалимов.
Бірнеше жылдар бойы жөндеу көрмеген әскери ғимараттың қалпына келтіру жұмыстары 2 ай бойы созылмақ.