Павлодарда қыз бала көпірден құлап кеткен
17 жасар Павлодар қаласының тұрғыны 14 мамыр күні көпірден секіріп кеткен
Колледждің Рания есімді бірінші курс студенті көпірге түстен кейінгі уақытта келген. Оны көріп қалған жұмысшылар мұның қауіпті екендігін айтқан. Алайда оны елемеген жас қыз сыртқы киімін шешіп, суға секіріп кеткен. Жұмысшылар оны тоқтатып үлгермеген.
Қыздың суға секірген кезі бейнебақылау камерасын жазылып қалған. Кейін полиция қызметкерлері қыздың аты-жөнін анықтаған.
- Қыздың шешіп қалдырған сыртқы киімінде телефон нөміріне салынған қаражаттың чегі табылған. Сол арқылы қыздың әпкесімен сөйлесуге мүмкіндік туды. Кейін ата-анасы бейнебақылау камерасын көрсеткен едік, қыздарын бірден таныды, - дейді Павлодар облысы Ішкі істер департаменті.
Қазіргі уақытта қыздың денесі ізделіп жатыр. Еріктілер Ертіс өзенінің жағалауында іздеу жұмыстарын жүргізуде.
Бұған дейін әлеуметтік желіде қыз баланың жоғалып кеткені жайында ақпарат тараған еді. 13 мамыр күні үйден шығып кеткен Рания қайта оралмаған.