Өскеменде ағаштар оталатын болды
Ертіс көпірін қайта қалпына келтіру үшін өзен жағасындағы кейбір ағаштарды кесу керектігі анықталды
Бұған дейін Металлургтер мәдениет сарайы маңындағы ағаштардың кесілгендігін білеміз. Ендігі кезекте Ертіс өзені жағалауындағы ондаған ағаштың түбі жойылатын болды. Жергілікті экологтар алдағы екі ай барысында қала орталығында 10 мыңға жуық тал көшеттерін отырғызылатынын айтып отыр. Ал жұмысшылар Ертіс көпірі маңындағы «Нұрлы Жол» ауданында жаңа саябақ салатындығын, онда 390 тал көшеті мен 1120 бұта көшеті отырғызатын болады.
- Көпір қалпына келтіріліп біткен соң солтүстік жағалау абаттандырылады, - деді "ПИ Сибакадемпроект" ЖШС жобалаушысы Олег Гармаш. - Өзен жағалауын бекіту шаралар қолға алынады, сол кезде жағалаудың бойына ағаштар отырғызылады, ауданы1600 және 216 квадрат метр болатын екі спорт алаңы салынады.
Өө кезегінде қалалық ТҮКШ бөлімінің басшысы Асқар Жақсылықов ағаштардың көпшілігі сақталатындығын айтады.
- Шырша ағаштарын кеспейміз, бұл міндетті. Биіктігі 15-20 метр болатын шыршалар «Нұрлы Жол» саябағына көліктер арқылы жеткізіліп, сонда отырғызылады. Спорт алаңдарын салғалы отырған аймақта диаметрі 10-20 см болатын 60 дана шырша ағашы бар. Бұлардың бір бөлігі қазылып алынып осы жерлерге отырғызылады, ал қалғаны Назарбаев зияткерлік мектебінің маңына отырғызылады, - деді Асқар Жақсылықов.
Ағаштардың биіктігі герман техникасы негізінде жұмыс жасайтын көшет отырғызушы машинаның қондырғысы үшін қажет. Ол диаметрі 20 см, ары кетсе 25 см болатын ағаштарды ғана қамти алады.
- Терек кәрі әрі ауру болса, ол кесіледі. Ал кіші көшеттері қазылып алынып басқа жаққа отырғызылады. Егер ағаштардың барлығы кесілетін болса, онда құрылыс аяқталған соң міндетті түрде оталған ағаштардан екі ессе көп ағаш көшеттері отырғызылатын болады, - деді Асқар Мекешұлы.
Айта кету керек, бұл жоба әлі мемлекеттік сараптамадан өткен жоқ. Дегенмен басшылар айтып отырған ұсыныстар мен уәделер орындалар деп үміттенеміз.
Следующая →