ШҚО-да жазасын өтеушілер Skypе арқылы туыстарымен сөйлесе алады
Өскемен қаласы колонияларының бірінде өзін үлгілі жағынан көрсете алған жазасын өтеушілер Skypе арқылы жақындарымен сөйлесе алады
Мұндай мүмкіндікті ұйымдастыру жайындағы идеяны облыс Прокуратурасы мен ШҚО қылмыстық-атқару жүйесі Департаментімен біресе жүзеге асырып отыр.
Заңгерлердің айтуынша, жазасын өтеушілер жақындарымен, туған-туыстарымен сөйлескен сайын өмір жағдайларына бейімделуге мүмкіндік береді. Туған-туыстарыға да ендігі кезекте ұзақ жол жүріп қажет емес. Бейнехабарлауға отбасының барлық мүшелері қатыса алады. Балалар мен үлкен кісілердің де қатысуға құқығы бар. Кейде үлкен кісілер денсаулықтарына байланысты жазасын өтеушілермен кездесе алмай жатады. Оларға үлкен мүмкіндік туып отыр.
Алдағы уақытта ШҚО Прокуратурасы аталмыш бастаманың облыстың өзге де аймақтары колонияларында жүзеге асыруды ойластырып отыр.
Следующая →