Екібастұздың екі тұрғыны балаларды тонаумен айналысқан
Күдіктілердің бірі жүкті, екіншісі екі жасар бала тәрбиелеп жүрген
Екібастұз жедел қызметкерлері кәмелет жасқа толмағандарды тонаумен айналысқан 22-24 жас аралығындағы екі әйелді ұстады, деп хабарлайды Zakon.kz сайты Павлодар облысының ІДД сілтеме жасай отырып.
Мекемеде ұсталғандардың бірі жүкті екені, ал екіншісі екі жасар бала тәрбиелеп жүргені туралы айтылды.
Тонаушылар келесі тәсіл бойынша әрекет еткен: құрбандарына «Неге қарайсың?», «Неге күлесің?» деп жақындаған. Мұнымен қоса балаларға психологиялық қысым көрсете отырып, өздерін дөрекі ұстаған. Мұндай долы мінезбен келіп, жасөспірімдердің қымбат дүниелері мен ұялы телефондарын тартып алып отырған. Алтын бұйымдарды ломбардқа өткізіп, телефондарды сатқан, - дейді полиция бөлімінде.
Бірнеше күн ішінде күдіктілер төменгі сыныптағы үш оқушыны тонаған. Күдіктілер қамауға алынып, сот алды тергеу жұмыстары басталып кетті.
Следующая →