Өскеменде өзенге түсіп кеткен жүргізуші жапа шеккен жоқ
Көлікті үлбіден құтқарушылар шығарды, ал сүңгуірлер жол талғамайтын көлік иесінің заттарын алып шықты
Естеріңізге саламыз, ТЖ Астана көшесінен Спорт сарайына бағытталған жолда Үлбі көпірінің астында түскі екілер шамасында орын алған. Облыс орталығының ІІБ хабарлағандай ЖКО қарсы жолақта келе жатқан көліктің кінәсімен болған. Соққының салдарынан көлік өзенге қарай жүріп кеткен.
- Оқиға орнына бірден құтқарушылар жұмылдырылды, бірақ адам өміріне қауіп төнбегендіктен олардың көмегі қажет болмады, - деп хабарлады ШҚО ТЖД баспасөз қызметі. – Қуанышқа орай жүргізуші аман-есен көлік батқанша шығып үлгерген. Көлік толықтай батып кетті, тек төбесі ғана көрініп тұрды.
«Батып кетуге» апарған соққы салдарын полиция анықтауда.