Сирия оппозициясы Астанадағы келіссөз аясында Дамаск қиындық тудыратынын айтты
Астанадағы сирияаралық келіссөз нәтиже бермей отыр, себебі Сириядағы бомбалау әлі жүріп жатыр
Атысты тоқтату туралы келісімді іске асыруға шақырдық. Өкінішке орай режим Сирияның бірқатар аудандарында бомбалауды жалғастыруда, - дейді Стамбулдан М.Аллюш сәрсенбі күні курдтық «Рудау» арнасынан берген сұхбатында.
Сондықтан бейбітшілікке келу туралы әңгіме, әңгіме жүзінде қалып отыр және келсііөздер ешқандай нәтиже бермеді, - деп нақтылады Астанадағы өткен раундтарда қарулы оппозициясының делегациясын басқарған М. Аллюш.
14 наурызда Астанада Сирия келіссөзінің кезекті раунды өтеді. Алайда басталар алдында қарулы оппозиция Қазақстан астанасына келмейтінін, себебі Сирия авиациясы Сирияның бірқатар аудандарында бомбалауды жалғастырып, атысты тоқтату келісімін бұзып отырғанын айтқан.
Ресей және өзге де халықаралық өкілдер жағына бомбалаудың салдарынан зардап шеккендер саны туралы деректерді жібердік. Баспасөзге жариялағымыз келмейді. Қантөгіс іс жүзінде тоқтағанын қалаймыз, - деді келіссөз бойынша Жоғарғы оппозициялық комитеті құрамына кіретін оппозиционер.
Сәрсенбі күні Астанада келіссөз бір күнге созылған соң, қарулы оппозициясының бір бөлігі қазақстандық астанаға келу туралы шешім қабылдағаны баяндалған.
Ақпарат көздері хабарлағандай, сириялық оппозия Стамбулдан Астанаға келуі керек.
Кейін, бейсенбі күні әскерилермен атысты тоқтату режимін сақтау сұрақтарына қатысты мамандандырылған кеңес өтеді деген болжам бар, - деді ақпарат көзі.
Оның ақпаратынша, сириялық оппозиция өкілдері Астана-3 пленарлы отырысына қатыспайды.