Өскемен
ясно
+5°
  • Өскемен
    +5°
  • Алматы
    +14°
  • Астана
    +12°
  • Ақтөбе
    +16°
  • Актау
    +15°
  • Орал
    +18°
  • Қарағанды
    +9°
  • Көкшетау
    +12°
  • Қостанай
    +13°
  • Қызылорда
    +18°
  • Павлодар
    +12°
  • Петропавловск
    +10°
  • Тараз
    +14°
  • Туркестан
    +12°
  • Шымкент
    +15°
$
447.89
476.78
¥
61.89
4.79
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Өскемен мен ШҚО Өскемен мен ШҚО Кристина Хорольская
Ақпарат көзі:
Устинка

Төтенше жағдай туралы хабарламалар неге жай келіп жатады?

ШҚО Төтенше жағдай департаментінің мамандары кейбір тұрғындар «112» қызметіне шынайы көмек үшін хабарласпайтындығы мен тұрмыстық сұрақтар бойынша кеңес сұрайтындығын айтады

 Жыл көлемінде «112» желісіне келіп түскен 600 қоңыраудың үштен бірі бұл қызметтің құзыретіне кірмейді. ШҚО ТЖД мәлімдегендей, қайғылы жағдайға душар болған азаматтар облыста қызмет ететін «112» нөмірінің 14 желісінің барлығы да бос болмағандықтан бірден хабарласа алмайды. Ал диспетчерлер болса, анықтама қызметі операторларының қызметін атқаратындығын алға тартады.
- Тұрғындар жиі хабарласып «Сим-картам бұғаттаулы, не істеймін?» деп жиі сұрайды. Өйткені, «112» нөмірі шұғыл қоңырауларды қабылдайтындықтан, осы желіге симкасыз телефоннан да хабарласуға болады, - деп түсіндірді бірыңғай диспетчерлік қызметтің кезекшісі Антон Чирков. - Тағы бір жиі кездесетін сұрақ «Мен телефоныма бірлік салып едім, алайда шотыма түспеді. Неге?». Кейде тіпті зейнеткерлер де хабарласып, «Үйде су құбырым жарылып қалды, не істеймін?» деп те сұрайды. Олардың барлығы «112»  қызметі – мобильді оператор немесе коммуналды мекеме нөмірі емес. Халық осындай сұрақтармен хабарласып жатқанда басқа біреу шынайы көмекке мұқтаж болып, бізге хабарласа алмай отырады.
Мамандар сонымен қатар, төтенше жағдайлар туралы SMS-хабарламалар неліктен түн жарымында келетіндігін де түсіндірді. Анықталғандай, ескерту хабарламалары мобильді операторларының кесірінен екі-үш сағатқа кешігіп келеді.
- Өкінішке орай, ТЖ қызметінің мамандары хабарламалардың шұғыл жетуіне әсер ете алмайды, - дейді Антон Чирков. -  Хабарламалардың шұғыл жетуі тікелей ұялы байланыс операторларына байланысты.
Следующая →