Өскемен
ясно
+6°
  • Өскемен
    +6°
  • Алматы
    +17°
  • Астана
    +4°
  • Ақтөбе
    +4°
  • Актау
    +9°
  • Орал
    +6°
  • Қарағанды
    +5°
  • Көкшетау
    +5°
  • Қостанай
    +5°
  • Қызылорда
    +14°
  • Павлодар
    +6°
  • Петропавловск
    +3°
  • Тараз
    +15°
  • Туркестан
    +2°
  • Шымкент
    +17°
$
449.58
-0.49
486.94
-1.57
¥
62.22
-0.13
4.86
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Өскемен мен ШҚО Өскемен мен ШҚО
Ақпарат көзі:
Алдаспан

Көптен күткен"Ақ ниет" мектеп-интернаты ашылды

Өскеменде 100 орындық Қазақстандағы мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған алғашқы «Ақ ниет» мектеп-интернатының ашылу салтанаты өтті.

Мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған алғашқы мектеп интернатында тұратындар үшін мектептің күллі аумағы бойынша тосқауылсыз орта құрылған. Бұл пандустар, кең дәліздер, табалдырығы жоқ кең есіктер, жабдықталған гигиена бөлмелердің барлығы арнайы салынған.

- "Ақ ниет" республика көлеміндегі осындай санатта ашылған алғашқы ерекше мекеме болып табылады. Интернатта дәрігерлік арнайы кабинеттерден басқа құралған медициналық пункт бар. Мектепте мамандар балаларға медициналық-психологиялық көмек береді. Қабаттарда көз дәрігері, рефлектолог, сурдолог ем кабинеттерінде орналасқан. Сондай-ақ, үйде оқитын балалар білікті мамандардан тек емдеу көмегін алып қана қоймай, өз құрдастарымен бірге білім алады. Бір сөзбен айтқанда, ерекше балалардың жайлы жағдайы үшін қажеттінің бәрі жасалған. Әрі балалар 9 сыныптан кейін қалауы бойынша қала колледждеріне оқуға түсіп, түрлі мамандық иесі бола алады , - деді "Ақ ниет" мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған алғашқы мектеп интернатының директоры Светлана Кривицкая.

Үш қабатты әсем ғимарат 5 тұрғын секциясынан құрылған, олардың әрқайсысы 20 тәрбиеленушіге арналған ұяшықтан тұрады. Өз кезегінде ұяшық 3 адамнан аспайтын сыйымдылықпен тұрғын бөлмелерден, үй тапсырмалары мен оқу пәндері бойынша дербес жұмыстар бөлмесінен, қосалқы, санитарлық-тұрмыстық үй-жайлары орналасқан. Сабаққа арналған бөлмелер лингафондық жабдықпен жарақталған.

- Қадірменді қауым, баршаңызды ел Тәуелсіздігінің 25 жылдық мерейтойымен шын жүректен құттықтаймын. Бүгін көптен күткен ерекше оқиға орын алды. Бұл мектептің ашылуын мен де, сіздер де өте көп күттік. Біздің балаларымыз тек білім алып қана қоймай, ары қарай да мамандық иесі болғандарын қалаймыз. Біз балаларымыздан ұялмауымыз қажет. Керісінше оларды өз ортамызда бірлесе өмір сүруге үйретуіміз керек. Олар ешкімнен кем емес екендіктерін түсіндіруіміз қажет, - деп өңір басшысы Даниал Ахметов өз құттықтауын білдірді.

Сонымен қатар мектептің салынуына көптеген компания ұйымдастырушыларының да елеулі көмегі тиді. Интернаттың ашылу салтанатында БҰҰ халықаралық компаниясының ұйымдастырушылары құттықтаулары ретінде мектеп-интернатына көлік кілтін табыстады.

Айлина Олжас

Следующая →
Тақырыптар: "Ақ ниет"