ШҚО кәсіпкері өз учаскесінен қола дәуіріндегі моланы қазып алған
Тарихи обьектіні «Жерновое» жерінен табылған саз балшық қазу барысында жұмысшылар тауып алған
Ерекше оқиға ШҚО-да тамыз айында орын алған. Алдын-ала жарияланған ақпараттар бойынша «Промстрой» ЖШС жұмысшылары қола дәуіріндегі моланы анықтаған. ЖШС табылған заттар туралы «Тарихи мәдени мұраны қорғау жөніндегі Шығыс Қазақстан облыстық мекемесі» КММ-ге бірден хабарлаған.
– Біз жұмысты бірден тоқтатып, обьектіні қорғау жұмыстарын ұйымдастырдық. Бәрін түсінеміз, аталмыш учаскені 49 жылға жалдамға берген жер берушілер қайда қараған? Себебі ол ШҚО әкімдігінің құрылымдық бөлімшелерімен тиісті клісімге келген. Енді осыған байланысты бізде мәселелер туындап отыр, - дейді ЖШС директоры Ермек Акимбаев назын білдіре.
Негізі мәселе де аз емес. Олардың өздеріне археолог болуға тура келеді. Жоқ дегенде тарихи-мәдени мұраны қорғау мекемесінің ресми жауабында көрсетілген.
– КММ жауабы бойынша «Жерновое» қойнауы расымен тарихи мәдени мұраға жатады екен. Осыған байланысты сазбалшық өндірушілерге жұмысты тоқтатып, күзет ұйымдастырып, зерттеу жұмыстарын жүргізулері керек, - дейді ШҚО Кәсіпкерлер палатасы (КП) баспасөз қызметі.
ЖШС директоры мен жұмысшылары қиын жағдайға душар болғанын айтпаса да түсінуге болады. Жұмыстың тоқтау мерзімі белгісіз. Осыған байланысты шикізаттың жоқтығынан кірпіш шығару тоқтатылды. Кәсіпкерлік 10 жылдан астам уақыт бойы балшық өндіріп келген, енді 60 жұмысшы қаражатсыз қалды. Мұнымен қоса ЖШС қымбат обьектінің өз қаражатына күзетіп отыр.
ШҚО КП Кәсіпкерлер құқығын қорғау кеңесінде ЖШС өкілі Наталья Черепанова кәсіпорынның зерттеу жұмыстары құнын анықтау үшін мамандандырылған ұйымдармен келіссөз жүргізгендерін айтқан. Анықталғандай бұл шығынды жұмыс екен – 1,8 ден 4 млн. теңгеге (1,8 млн. теңге ЖШС қызметкерлері мен кәсіпорын техникаларын пайдаланғаны үшін) дейін. Жұмысшылардың зерттеушілерге айнала ала ма, молаға бола тоқтап қалған кәсіпорын аман қала ма оны уақыт көрсетеді
Следующая →