Өскеменде Чернобыль ардагерлеріне ескерткіш орнатылмақ
Дегенмен болашақ монументтің эскиздері бекітілмегендіктен қашан дайын болатындығы нақты белгісіз

Фото:
Союз ветеранов и инвалидов Чернобыля по ВКО
Жоспар бойынша Чернобыль АЭС-ындағы апатын жойғандардың құрметіне қойылатын ескерткіш Солжағалаудағы «Ерлік мектебі: чернобыль жоюшылары 1986-2010жж.» көрмесінің маңында орналастырылмақ. Алайда жаңа скульптураның қандай болатыны әзірге белгісіз. Авторлар ұсынған эскиздердің ешқайсысы әлі бекітілген жоқ.
Айта кетейік, Өскемендегі Чернобыль апатын жоюшылар 10 жыл бойы ескерткіш орнату жолында күресіп келеді.
- Ескерткіш биыл орнатылса игі еді. Өйткені биыл Чернобыль АЭС апатына 30 жыл болып отыр, - дейді «ШҚО бойынша Чернобыль ардагерлері мен мүгедектерінің одағы» ҚҰ төрағасы Қанат Раздықов.
Монумент үшін шамамен 30 миллиондай қаржы керек. Мәдениет басқармасындағылардың айтуынша ескерткішті орнатуға көп уақыт кетпейді. Небары бір-екі ай да жеткілікті.
Следующая →

Біздің Telegram арнамыздағы ең маңызды нәрселер
Тақырыптар:
Памятник ликвидаторам аварии на Чернобыльской АЭС в Усть-Каменогорске