Қазақстанда дизелді жанармай бағасы шұғыл жоғарылап кетті
Ел аумағындағы жанармай бекеттері баға көрсеткіштерін жаппай өзгертуге кірісті. Осы күнге дейін солярка литрі 99 теңгені құраса, ендігі кезекте 126 теңгеге көтеріліп кеткен аймақтар бар.
Фото:
mk-turkey.ru
Энергетика минимтрлігі бұл жанармай түрін бақылауға алмайды, яғни, «еркін ағыспен» қоя берді.
Жуықта ғана тапшылыққа айналған солярка, сатылымға мүлдем жаңа бағада пайда болды. Бір түн ішінде 26 теңгеге өсіп кеткен дизель барлық дерлік бекеттерге толықтай жеткізілген жоқ. Кейбір жанармай станциялары дизельді әлі де ескі топтамада, тек талонмен сатуда.
Жанармай құны әр қалада әртүрлі. Елордада солярка бар жоғы 9 теңгеге өскен, яғни литрі 108 теңгеден. Кейбір ЖҚС ескі бағамаен саудаласқан. Әрине, бұл да ескі топтамадағы жанармай екенін түсіну қиын емес. Жуық арада, дизелд\ьдің құны барлық жерде теңестіріледі.
- Уақыт өте келе, дизель бағасы литріне 115 теңгеден түзетілуі тиіс, - деп хабарлайды, Энергетика министрлігі баспасөз қызметі жетекшісі Асқар Джалдинов.
Дизельді жанармай құнын әкімшілік реттеуден бас тартуына отандық солярка өнімінің бағасы көршілес Ресей мен Қырғызстан елдерінен екі есе төмендеп кетуі себеп болып отыр.
Жанар-жағар май шекарадан тонналап өткізілуде, ал шетелдік жүргізушілер тек қазақстандық жанармай бекеттеріне қатынайтын болды. Мұның барлығы жанармай тапшылығына алып келді. Егістік науқаны қызып тұрғанда жанармай жүргізушілер тұрмақ шаруа қожалықтарына жетпейтін болды.
Қазақстандық ауылшаруашылық өндірушілеріне солярка ескі бағада, яғни литріне 79 теңгеден сатылады. Өзге тұтынушылардың барлығы жаңа бағадан сатып алады.
Следующая →