Өскемен
ясно
-12°
  • Өскемен
    -12°
  • Алматы
    +1°
  • Астана
    -3°
  • Ақтөбе
    -3°
  • Актау
    +8°
  • Орал
    -2°
  • Қарағанды
    -4°
  • Көкшетау
    -6°
  • Қостанай
    -5°
  • Қызылорда
    +2°
  • Павлодар
    -11°
  • Петропавловск
    -10°
  • Тараз
    +1°
  • Туркестан
    -3°
  • Шымкент
    +8°
$
498.51
+0.17
522.84
+3.12
¥
68.81
+0.02
4.81
-0.04
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Өскемен мен ШҚО Өскемен мен ШҚО
Ақпарат көзі:
Устинка

ШҚО фирмасы ең ірі туристік компаниямен келісімшартқа отырды

Енді ШҚО-ға қытайлық туристер жиі келмек. Олар «Премьер тур» туристік компаниясы “China Travel (CTS)”-мен бірлесіп жұмыс істейтін болады.

Усть-Каменогорск и ВКО / Фирма из ВКО подписала контракт с самой крупной туристской компанией СУАР
Фото:
elentur.com.ua
ШҚО делегациясының Қытайға баруының нәтижесі – келісімшартқа отыруға мұрындық болып отыр. Туристік ақпараттық орталықтың директоры Данияр Тоқтарбаевтың айтуынша, өткен аптада Қытайға 26 мейман барған, солардың жиырмасы туристік фирмадан, қалған алтауы – жергілікті басқару ұйымдарының өкілдері.

- Біз оқыту бағдарламасынан толықтай өттік. Қытайға барып, туристердің тамақтану режімі мен уақыттарын жоспарлау жайымен таныстық. Әсіресе Синьцзянның мәдениеті мен қытайлық демалыстың қалай өтетіндігі жайында ерекше көп мәлімет алдық. Екі жақты кездесу мен сөйлесулерге қатыстық, қытайлық туристердің қажеттіліктерімен және қаржылық жағдайымен таныстық, олардың туризмнің қандай бағыттары қызықтыратындықтарын және тауарлардың қандай түрлерін таңдайтындықтарын анықтадық, - деп мәлімдеді Данияр Тоқтарбаев.

Туристер ағыны аз болмайды деген жоспарлар бар. Сондықтан шетелдік қонақтарды қабылдауға дайындықты ертерек бастаған.

- «Премьер Тур» ШҚО турфирмаларымен бірлескен жұмыс туралы келісімдерге қол қоятын болады. Егер туристердің ағыны өте үлкен болса, жалғыз туристік фирмаға олармен айналысу қиынға соғады. Ертең олар бізге туристік маршруттарының үш нұсқасын береді, содан кейін біз оларды қытайлықтардың қолдарына өткіземіз. Ал қандай маршруттың олардың тақияларына дәл келетіндігін келесі тараптың өзі шешетін болады, - деді Данияр Тоқтарбаев.

Данияр Тоқтарбаев айтып өткендей, жақында СУАР «ChinaTravel (CTS)» мен шығыстық тағы да бірнеше фирмалар арасында келісімдер жүргізілетін болады.

Жақында ғана келген қытайлық делегация Шығыс Қазақстан мен СУАР арасында визасыз режімді орнату керектігі жайында айтып өткен болатын. Сол кезде облыс әкімі Даниал Ахметов осы мәселені жоғары жаққа жеткізетіндігін айтқан еді.

Визалық режімнің жеңілдетуіне қарамастан, 40-50 адамды шығыстық фирмалар күтіп алатын болады. Себебі СУАР-дан алғашқы туристер шілде айында келеді.
Следующая →
Тақырыптар: Туризм в ВКО