Өскеменде жүргізуші «түйені» қағып кетті
Өткен жұмада «КАМаз» автокөлігінің жүргізушісі Бажов көшесінде орналасқан түйенің мүсінін қағып кеткен
Фото:
Открытые источники
* ЖКО 21 мамыр күні Әуежай маңында орын алған, - деп хабарлайды ІІБ баспасөз қызметі. – Бензин тасымалдаушы көлікті тізгіндеген жүргізуші алда келе жатқан көлікке соқтығыспау үшін оңға бұрылып кеткен. Сөйтіп мүсінді қаққан. Жүргізушіге қатысты әкімшілік хаттама толтырылды.
Ал материалдық шығын сомасы әзірге белгісіз.
Айта кетсек, тұрғындардың сөзінше бұл қаладағы қисынсыз, оғаш мүсіндердің бірі еді.
Тақырыптар:
ДТП в Усть-Каменогорске