ШҚО-дағы көпқабатты үйлерге жылу беру қашан тоқтайды?
Ауа райы жылынғанда көпқабатты үйдегі пәтер де ысып, тұрғындар жылуды ертерек тоқтатуды сұрап жатады

Жылыту маусымының басталуы мен аяқталуын қалалар мен аудандардың жергілікті атқарушы органдары айқындайды, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.
Сыртқы ауаның орташа тәуліктік температурасы +10 °C деңгейінде 3–5 тәулік бойы сақталса (есептік сыртқы ауа температурасы –30 °C-тан төмен аудандар үшін), жылу беруді тоқтатуға негіз бар, - деп ескертеді "Шығыс Жылу" АҚ. – Ал өтінімдер бойынша әлеуметтік маңызы бар нысандар (балабақшалар, мектептер, медициналық мекемелер) үшін жылыту жүйелерін төмендетілген параметрлерде пайдалану мүмкіндігі қарастырылған.
Егер пәтерде тым ыстық болса, радиаторларда орнатылған реттегіштер (термостаттар) арқылы жылуды тоқтатуға болады. Сондай-ақ жеке тұрған ғимараттарда жылу энергиясын есепке алу құралдары болса, жылу беруді ғимарат ішінде реттеуге болады.
Жылыту маусымының аяқталуы туралы ақпарат "Шығыс Жылу" АҚ-ның ресми интернет-ресурсында жарияланады — ukteplo.kz.