Өскемен
Бұлтты
+11°
  • Өскемен
    +11°
  • Семей
    +14°
  • Алматы
    +22°
  • Риддер
    +8°
  • Астана
    +14°
  • Ақтөбе
    +14°
  • Ақтау
    +16°
  • Атырау
    +17°
  • Қарағанды
    +19°
  • Көкшетау
    +11°
  • Қостанай
    +14°
  • Қызылорда
    +18°
  • Павлодар
    +15°
  • Петропавловск
    +14°
  • Тараз
    +18°
  • Түркістан
    +16°
  • Орал
    +18°
  • Шымкент
    +12°
$
466.33
-4.13
538.47
-4.63
¥
67.76
-0.62
5.9
+0.04
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

ШҚО-да тәжік-ауған шекарасында қаза тапқан сарбаздарды еске алды

Осыдан 31 жыл бұрын тәжік-ауған шекарасында болған әскери қақтығыс барысында 17 қазақ сарбазы қаза тапқан

Усть-Каменогорск и ВКО / ШҚО-да тәжік-ауған шекарасында қаза тапқан сарбаздарды еске алды
Фото:
"Шығыс" өңірлік қолбасшылығының баспасөз қызметін

Ұлттық ұлан жауынгерлері Өскеменнің Славский жағалауында орналасқан Ауған соғысында қаза тапқан жауынгерлерге арналған монументке барды, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.

Шейіт болған жауынгерлердің рухына тағзым етіліп, бір минут үнсіздік жарияланды. Қатысушылар ескерткішке гүл шоқтарын қойып, ерлікпен қаза тапқан сарбаздардың есімін құрметпен еске алады. 

Шараға тәжік-ауған шекарасында әскери борышын өтеген ардагерлер, сондай-ақ "Жас Бүркіт" кадеттер қозғалысының мүшелерімен қатар, Ұлттық ұланның "Шығыс" өңірлік қолбасшылығына қарасты Өскемен қаласындағы үш әскери бөлімнің жеке құрамы қатысты.

"Шығыс" өңірлік қолбасшылығының қолбасшысы генерал-майор Арман Жұмағалиев сөз сөйлеп, қаза тапқан жауынгерлердің ерлігі мен қайсарлығына тоқталды. Сонымен қатар, "Шығыс" өңірлік қолбасшылығы ардагерлер кеңесінің төрағасы, отставкадағы полковник Айдар Оразбаев ардагерлерге алғыс хаттар табыстады.

Дәстүрге айналған шара жас ұрпақты әскери-патриоттық рухта тәрбиелеу, ерлік пен отаншылдық құндылықтарын дәріптеу, сондай-ақ ел тыныштығы мен қауіпсіздігін қорғап жүрген ұландықтардың рухын асқақтатуды көздейді.

Следующая →
Біздің Telegram арнамыздағы ең маңызды нәрселер
Тақырыптар: ШҚО Тәжік-ауған соғысы Еске алу