Өскемен
Қалың бұлтты
+6°
  • Өскемен
    +6°
  • Семей
    +13°
  • Алматы
    +19°
  • Риддер
    +11°
  • Астана
    +16°
  • Ақтөбе
    +8°
  • Ақтау
    +13°
  • Атырау
    +14°
  • Қарағанды
    +17°
  • Көкшетау
    +12°
  • Қостанай
    +9°
  • Қызылорда
    +17°
  • Павлодар
    +14°
  • Петропавловск
    +11°
  • Тараз
    +16°
  • Түркістан
    +19°
  • Орал
    +11°
  • Шымкент
    +17°
$
466.33
-4.13
538.47
-4.63
¥
67.76
-0.62
5.9
+0.04
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

ШҚО-да кәсіпкер болғысы келетін оқушылар мен студенттерге арналған байқау өтеді

Мектеп оқушылары мен студенттерге арналған "Мен – кәсіпкермін" байқауы өңірде 9-шы жыл қатарынан өткізіліп келеді

Усть-Каменогорск и ВКО / ШҚО-да кәсіпкер болғысы келетін оқушылар мен студенттерге арналған байқау өтеді
Фото:
pexels

Бұл жоба алғаш рет дәл Шығыс Қазақстанда бастау алған, ал бүгінгі таңда республикалық деңгейде де жүзеге асырылуда, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.

Бастама Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің қолдауына ие.

Байқауды облыстық білім басқармасы, "Атамекен" ШҚО Кәсіпкерлер палатасы, Қазақстан-Америка еркін университеті мен Өскемен экономика және техника колледжі ұйымдастырады. 

Турнирге 14 пен 20 жас аралығындағы мектеп оқушылары мен колледж студенттері жеке немесе үш адамға дейінгі команда құрамында қатыса алады. 

1 сәуірдегі жағдай бойынша 79 өтінім қабылданып, 19 колледж бен облыстың 12 мектебінен 118 қатысушы тіркелген, - дейді Өскемен экономика және техника колледжінің директоры Ерсайын Нәбиев. - Байқау бірнеше кезеңнен тұрады: оқу орындарындағы ішкі іріктеуден бастап жобаларды сараптамалық бағалауға дейін. Турнирдің финалы 20 сәуірде бизнес-идеяларды көпшілік алдында қорғау форматында өтеді.

Қатысушылардың жұмыстары заманауи экономиканың негізгі салаларын қамтитын он бағыт бойынша бағаланады: 

  • әлеуметтік кәсіпкерлік; 
  • сауда; 
  • қонақүй ісі және қоғамдық тамақтандыруды ұйымдастыру; 
  • өндіріс, технологиялар және ауыл шаруашылығы; 
  • шоу-бизнес, мәдениет және өнер; 
  • дизайн және креативті индустриялар; 
  • білім беру, ақпарат және цифрлық технологиялар; 
  • медицина, денсаулық сақтау және сұлулық индустриясы; 
  • туризм; 
  • көлік және логистика.

Жеңімпаздар республикалық кезеңге жолдама алады. Осы орайда айта кету керек, шығысқазақстандықтар 2024 жылы бір екінші орын, ал 2025 жылы екі үшінші орын иеленген.

Следующая →
Біздің Telegram арнамыздағы ең маңызды нәрселер
Тақырыптар: Мен - кәсіпкермін ШҚО Оқушылар мен студенттер