Өскемен
Бұлтты
-5°
  • Өскемен
    -5°
  • Семей
    +2°
  • Алматы
    +9°
  • Риддер
    +1°
  • Астана
  • Ақтөбе
    +11°
  • Ақтау
    +7°
  • Атырау
    +12°
  • Қарағанды
    +1°
  • Көкшетау
  • Қостанай
    +4°
  • Қызылорда
    +14°
  • Павлодар
    +1°
  • Петропавловск
    +1°
  • Тараз
    +13°
  • Түркістан
    +22°
  • Орал
    +12°
  • Шымкент
    +19°
$
475.09
-3.68
551.06
+2.44
¥
69.12
-0.19
5.87
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

ШҚО-да биыл жеті жаңа мектеп бой көтереді

Қазір демеушілік қаражаты есебінен Риддер қаласында 600 орындық мектептің құрылысы жүріп жатыр

Усть-Каменогорск и ВКО / ШҚО-да биыл жеті жаңа мектеп бой көтереді
Фото:
ШҚО Өңірлік коммуникациялар қызметінен

Сондай-ақ оффтейк-келісімшарттар аясында жалпы сыйымдылығы 550 орын болатын тағы алты мектеп салу жоспарланған, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.

ШҚО білім басқармасының басшысы Қуат Оқасовтың айтуынша, бұл мақсатқа 5,75 млрд теңге қарастырылған.

Қолданыстағы инфрақұрылымды жаңартуға да ерекше көңіл бөлінеді. 2026 жылы 1,4 млрд теңге сомасына 42 білім беру нысанында жөндеу жұмыстарын жүргізу жоспарланған. Олардың қатарында мектептер, балабақшалар, балалар үйлері, колледждер және қосымша білім беру ұйымдары бар, - деді басқарма басшысы. - Сондай-ақ мектепке дейінгі білім беру саласы да дамиды: мемлекеттік-жекешелік әріптестік тетігі арқылы өңірде 1000 орынға арналған төрт балабақша ашу жоспарлануда.

Білім беру ұйымдарын заманауи құрал-жабдықтармен қамтамасыз ету де назардан тыс қалмайды. Өңірде жалпы сомасы 427,2 млн теңгеге 35 заманауи пәндік кабинет орнатылады. Олардың қатарында химия, физика, биология, сондай-ақ STEM және робототехника кабинеттері бар. Бұл білім сапасын жаңа деңгейге көтеруге мүмкіндік береді.

Следующая →
Біздің Telegram арнамыздағы ең маңызды нәрселер
Тақырыптар: ШҚО Білім беру Жаңа мектеп