Өскемендіктерді енді жаңа заманауи электробустар тасымалдайды
Шығыс Қазақстан облысының орталығында экологиялық таза қоғамдық көлікке кезең-кезеңімен көшу басталды

Бүгін Өскемен қаласына Skywell маркалы 10 электробус әкелінді, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.
Бұл – "Таза Қазақстан" бағдарламасы аясында экологиялық ахуалды жақсарту және тұрғындардың өмір сапасын арттыруға бағытталған жүйелі жұмыстың бір бөлігі.
Бүгінде көліктің басым бөлігі дизель отынымен жүреді, бұл өз кезегінде ауа сапасына кері әсерін тигізеді. Ал жаңа электробустар зиянды шығарындылар мен шу деңгейін азайтып, жолаушылар тасымалдауды қолайлы етіп, мүмкіндігі шектеулі азаматтар үшін де қолжетімділікті арттырады.
Бұл – тек бір реттік шара емес, сонымен қатар инфрақұрылымды дамыту, көгалдандыру және облыста экологиялық бақылауды арттыруды қамтитын ұзақ мерзімді стратегия, - дейді ШҚО әкімі Нұрымбет Сақтағанов.