Өскеменге YUTONG маркалы жаңа 12 автобус жеткізілді
"Vosca" ЖШС жолаушылар тасымалдаушы компанияның автопаркі дизельмен жүретін жаңа автобуспен толығып, олардың бірі кеше желіге шықты

Жаңа қоғамдық көліктердің бірі гибридті автобус — заманауи әрі экологиялық жағынан қолайлы, яғни тоқпен де жүреді, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.
Жоғары экология стандарттарға (Евро-5) негізделген бұл автобустар Қазақстанда жасалған. Салондағы әр орындықтың тұсында ұялы телефондарға арналған қуаттағыш құрылғылар бар. Мүмкіндігі шектеулі жандар үшін пандус та қарастырылған.
Гибридті автобустың артықшылығы – экологиялық тиімділігі, - дейді "Vosca" ЖШС директоры Сергей Ильин. - Ол 30 шақырымға дейін таза электр қуатымен жұмыс істейді. 30 шақырымнан кейін қозғалтқыш іске қосылады, егер қажет болса, батареяларды зарядтайды, бұл дизель отынын үнемдеуге мүмкіндік береді.
Сондай-ақ автобус ішінде ауа баптағыш орнатылған.
Жалпы өтен жылы қалаға жаңа 50 автобус жеткізілген, биыл тағы 12. Бұған дейін айтқанымыздай, электробустарға көше бастаймыз. Бүгінгі күні қалаға 10 электробус жеткізілді. Жақын күндері оларды да көрсетеміз. Екі жылда автопарк толықтай жаңарады деп үміттенемін, - деді Өскемен қаласының әкімі Алмат Ақышов. - Халыққа қызмет көрсететін автобустардың барлығын жаңарту үшін жұмыс жасаймыз.
Қала басшысының айтуынша, қаланың автобус парктері 65-70%-ға жаңартылған.


