Өскемен
Бұлтты
  • Өскемен
  • Семей
    +2°
  • Алматы
    +12°
  • Риддер
    +1°
  • Астана
    +3°
  • Ақтөбе
    +13°
  • Ақтау
    +8°
  • Атырау
    +12°
  • Қарағанды
    +3°
  • Көкшетау
    +2°
  • Қостанай
    +6°
  • Қызылорда
    +14°
  • Павлодар
    +2°
  • Петропавловск
    +2°
  • Тараз
    +13°
  • Түркістан
    +23°
  • Орал
    +12°
  • Шымкент
    +20°
$
475.09
-3.68
551.06
+2.44
¥
69.12
-0.19
5.87
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

ШҚО-да берилий өндірісі 5%-дан 9%-ға дейін артпақ

Бұл туралы ҚР премьер-министрі Олжас Бектеновтің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында облыс әкімі мәлімдеді

Усть-Каменогорск и ВКО / ШҚО-да берилий өндірісі 5%-дан 9%-ға дейін артпақ
Фото:
ШҚО әкімінің баспасөз қызметі

ШҚО әкімінің баспасөз қызметі мәлімдегендей, өңірде инновациялық даму бағытында 250-ден астам жоба қолға алынған, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.

Өңірімізде металлургия, медицина, цифрлық технологиялар және агроөнеркәсіптік кешендегі инновациялық дамуға ерекше назар аударылып келеді. Қазіргі уақытта мемлекеттік, халықаралық және тапсырыстық зерттеулерді қоса алғанда 250-ден астам жоба жүзеге асырылып жатыр. Тау-кен металлургия кешенін дамыту үшін Серікбаев атындағы университет, Үлбі металлургия зауыты және ШҚО әкімдігі бірлесіп, ұнтақты металлургия әдісімен отын таблеткаларын өндіруге арналған пресс-құралының ресурсын арттыратын жобаны қарастыруда. Бұл жоба импортқа тәуелділікті азайтады және өнімнің өзіндік құнын төмендетеді, - деді аймақ басшысы Нұрымбет Сақтағанов.

Сондай-ақ жоғары беріктігі бар қорытпаларды қайта өңдеуге арналған "Horizon" бағдарламасы бойынша Үлбі металлургия зауыты 8 млн еуроға грант алған. Бұл бериллий өндіруді 5%-тен 9%-ға дейін арттырады.

Шығыс Қазақстанда халықаралық ынтымақтастық та дамып келеді. Машина жасау саласы бойынша Лу Бань шеберханасының және тау-кен ісі мен геология бағыттары бойынша Қазақ-Неміс ғылым және технологиялар институтының алаңдары жұмыс істейді. 

С. Аманжолов атындағы университетпен бірлесіп, ылғалды ұстап тұратын, топырақ құрылымын жақсартатын және өсімдіктердің өсуін ынталандыратын биоыдырайтын гидрогель әзірлеу жобасы қарастырылуда. Технологияның негізгі тұтынушылары агроөнеркәсіптік кешен кәсіпорындары болмақ. Цифрлық технологиялар саласында негізгі өмірлік маңызды салалардың мониторингін қамтамасыз ететін Өңірлік аналитикалық орталық іске қосылды, - деді Нұрымбет Сақтағанов.

Аталған орталыққа 6 мыңнан астам бейнебақылау камерасы, ауа сапасын бақылауға арналған 25 мониторинг бекеті және жылу көздерін бақылауға арналған 23 датчик біріктірілген.

Следующая →
Біздің Telegram арнамыздағы ең маңызды нәрселер
Тақырыптар: ШҚО Инновациялық даму 250 жоба