Өскемен
Қалың бұлтты
-2°
  • Өскемен
    -2°
  • Семей
    +5°
  • Алматы
    +18°
  • Риддер
    +4°
  • Астана
    +9°
  • Ақтөбе
    +22°
  • Ақтау
    +10°
  • Атырау
    +21°
  • Қарағанды
    +13°
  • Көкшетау
    +14°
  • Қостанай
    +11°
  • Қызылорда
    +19°
  • Павлодар
    +6°
  • Петропавловск
    +14°
  • Тараз
    +22°
  • Түркістан
    +26°
  • Орал
    +20°
  • Шымкент
    +24°
$
481.54
-0.99
553.24
-2.20
¥
69.69
-0.14
5.93
+0.01
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

1-сыныпқа құжат қабылдау мерзімі өзгерді

Биыл 1-сыныпқа құжат қабылдау 1 сәуірде емес, 27 мамырда басталады

Усть-Каменогорск и ВКО / 1-сыныпқа құжат қабылдау мерзімі өзгерді
Фото:
ЖИ иллюстрациясы

Оқу-ағарту министрлігі мәліметінше, қабылдау 31 тамызға дейін жалғасады, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.

Министрлік өткен жылдардағы тәжірибені зерделей келе, оқушыларды 1-сыныпқа қабылдау науқанының басталу мерзімін 1 сәуірден 27 мамырға ауыстыру туралы шешім қабылдады. Өзгеріс құжат қабылдауды тиімді әрі сапалы ұйымдастыру және оқу процесіне кедергі келтірмеу мақсатында жасалған.

Биыл құжат қабылдау 27 мамыр, сәрсенбіден басталып, 31 тамызға дейін жүргізіледі. Қазіргі таңда база бірнеше мәрте тесттен өтіп жатыр, ата-аналар үшін барынша қолайлы жағдай жасалды, оны қосымша таныстыратын боламыз, - деді министр Жұлдыз Сүлейменова.

Яғни, құжат қабылдау 27 мамырдан бастап еліміздің өңірлерінде кезең-кезеңімен жүзеге асады. Шығыс Қазақстан облысында 10 маусым мен 31 тамыз аралығында жүргізіледі.

1-сыныпқа қабылдау үшін қажетті құжаттар тізбесі:

  • ата-ананың немесе өзге де заңды өкілдерінің өтініші;
  • №065-у нысанындағы денсаулық жағдайы туралы анықтама (егу паспорты);
  • №052-2/у нысанындағы баланың денсаулық паспорты;
  • 3х4 см өлшеміндегі фотосурет (2 дана).

Өтініштер демалыс және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбіден жұмаға дейін қабылданады.

Следующая →
Біздің Telegram арнамыздағы ең маңызды нәрселер
Тақырыптар: ШҚО білім басқармасы 1-сыныпқа құжат қабылдау